Қоғам

Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық байқау өтті

Петропавлда «Үздік қызметкер» атты облыстық байқау өтті. Сайысқа қала мен аудандық кезеңдерде іріктелген 11 маман қатысты. Сегіз қырлы, бір сырлы жандар сәлемдесу, ширату атты сындарда бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетті.

Мөлдір Нұрғожина Айыртау ауданынан келіп отыр. Нәзікжандының осындай байқауға қатысуы алғаш екен. Жұмысы уақыт пен қағазбастылықты талап етсе де, Мөлдір қолы бос кезде ән салып, кітап оқуға көбірек көңіл бөлетінін айтты.

Мөлдір Нұрғожина, Антоновка ауылдық әкімі аппаратының бас маманы, Айыртау ауданы:

– Дайындық 100 пайыз деп айта алмаймын. 3:45 Бірақ та әнді жақсы айтамын деген ойдамын.

Ал Жантілеу Рахимов қалалық кезеңде үздік атанған. Бүгін өз бағын облыстық байқауда сынамақ. Қазылар алқасына өзін таныстырарда жұмысы жайлы қысқаша бейнеролик көрсетті. Әскери азамат жауапты қызметін атқарып жүрсе де жанына жақын өнерді ұмытпайды. Жантілеу Рахимов өлең жазып, домбыра шертеді.

Жантілеу Рахимов, ҚР ҰҰ 66/37 әскери бөлімінің сарбазы:

– Үздік қызметкер деген ол жалпы өз саласында ғана емес. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, адамға қасиетінен өнер табылу керек. Әр өнердің биік шынын бағындыра алу керек.02:26 Сондықтан да өзіміздегі болып тұрған өнерді Алашқа, халқыма көрсетпесем ол мен үшін бәсеңдеу кезең болады.

Сөйлеу мәдениеті, мемлекеттік тілді меңгеруі және сахналық образ. Бұл – қазылар алқасы ескеретін басты талаптар.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар байқау шарттарына біраз өзгеріс енгізілгенін айта кетті.

Нұрлан Жамантаев, СҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы басшысының орынбасары : 

– Бүгінгі сайысқа аудандық бөлімдердің қызметкерлері мен жас мамандар келген. Бұл сайыстар жыл сайын өткізіліп тұрады. Бірақ, биылғы ерекшелігіміз, егер алдыңғы жылдары команда болып сайысқа қатысса, осы жылы әр мекемеден тек бір қызметкер қытысып отыр.

Облыстық байқаудың нәтижесінде Жантілеу Рахимов «Үздік қызметкер» атанды. Екінші орынды шалақындық Рысбек Жүсіпбек иеленсе, Мамлют ауданынан келген Бибігүл Темірбекова 3-ші орынды қанжығалады.

Актолкын Солтанханкызы