Мәдениет

“Экспромт” халық би театры үздік атанды

Жас бишілер үздік атанды. Маусымның 1-і мен 3-і аралығында Алматы қаласында «Күншуақ» халықаралық байқауы өткен болатын. Байрақты бәсекеде теріскейлік «Экспромт» халық би театры 30-дан астам би ұжымының арасынан суырылып шығып, 2 бірдей бас жүлдені ұтып алды.

Ырғақты әуен, көңілді би, жүздері жарқыраған балғындар. Бұл – “Экспромт” театрының тәрбиеленушілері. Сахнада өнер көрсетіп жатқан теріскейлік қыздар Алматыда өткен жарыста топ жарған. Сүйкімді балғындар қазылар алқасы мен көрермендерге ерекше атмосфера сыйлап, өнерлерімен тәнті етіпті.

Алтын Омарова , «Экспромт» халық би театрының мүшесі:

– Маған жарысқа барған ұнайды, ол жер өте әдемі болды.0:28 Бидің аты «Подарок» және «Для кого ты, мир».1:08 Осындай жарыстарға қатысуым бірінші рет болды.

Байқауға би театрының ортаңғы ұжымы қатысқан. Бұл – 8 бен 10 жас аралығындағы балалардың ең алғашқы жарысы. Жергілікті ұжымның дайындаған екі бірдей биі де үздік деп танылған.

Надежда Боговик, «Экспромт» халық би театрының хореографы:

– Дәл осы құрам 4 жыл бұрын құрылды. Осыған дейін ешбір сайысқа қатысып көрмеген едік. Биыл бағымызды сынайық деп шештік. Бәсекелестеріміз өте мықты болды. Жылда байқауларда топ жаратын би ұжымдарының арасынан суырылып, алға шыққандығымыз көңіл қуантады. Шығармашылық нөмірлеріміз теріскейліктерге жақсы таныс. Оларды жергілікті сахнада 1 жылдай орындап келеміз. Сондықтан болар, балалар биді 100 пайыз нақышына келтіріп биледі.

«Экспромт» халық би театырында 8 бен 20 жас аралығындағы 200 ге жуық биші бар. Тәрбиеленушілер бүгінде қаламызда болатын концерттерге дайындалу үстінде. Ал келесі байқауға қатысуды олар алдыңғы оқу жылына жоспарлауда.

Актолкын Солтанханкызы