Денсаулық сақтау

Ресейлік дәрігерлер қабылдау жүргізеді

Мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларынан арылуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Дәрігерлер аталған ағза мүшелеріндегі ақауларды швейцариялық бірегей әдіспен емдейді.

Остеохондроз, сколиоз, белдің сырқырауы және бастың айналуы. Осындай жайсыздық белгілерін әркім өмірінде кем дегенде бір рет сезінеді. Ал кейбіреулерін бұл жылдар бойы мазалайды. Ресейлік “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлері мазасыздықтың себебі бірінші мойын омыртқасының ығысуы дейді.

Федор Янакогловтың мойын омыртқасы 7-8 жылдан бері сыр беріп жүр. Дертіне дауа іздеген зейнеткер осыдан біраз уақыт бұрын аталған мамандардың көмегіне жүгініпті. Емнің шипасы тиген.

Федор Янокоглов:

– Мені остеохондроз жиі мазалайтын. Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Қабылдауларында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

“Атлант” медициналық орталығының мамандары омыртқадағы түрлі ауырсынуларды емдеуде швейцариялық қондырғыны пайдаланады. Кей пациенттерге аппаратпен бір рет емделу жеткілікті болса, өзгелеріне бірнеше курстан өту қажет екен. Негізі, бұл процедурадан бір жастан 80 жасқа дейінгі адамдар өте алады.

Владимир Бочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Ресейлік ақхалаттылар Петропавлда маусымның 18-інен 23-іне дейін болады. Қабылдауға жазылу үшін 63-21-72 нөміріне хабарласу қажет. Ем-дом шаралары мен қажетті кеңес беру М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен жайы бойынша орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Ешкенова Дана