МТРА жаңалықтары

Өтініш білдірген азаматтар үйде дауыс берді

Сондай-ақ, комиссия мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне де барып қайтты. 102 жастағы ДжурА КОбелев -628-ші сайлау учаскесіндегі жылжымалы урнаның мекен жай бойынша жеткізілуіне алғаш дауыс бергендердің бірі. Сол себепті, қарияға шағын сыйлық та табыс етілді.

Осылайша 638-ші учаскедегі комиссия мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Джура Кобелев тұратын пәтерге келіп, оған бюллетень ұсынды. Қария Президенттікке лайықты деп тапқан кандидатқа дауыс беріп, парақты жылжымалы жәшікке салды. Ақсақал 102 жаста, сондықтан еркін жүріп-тұра алмайды, алайда өз таңдауын жасау үшін үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Джура Кобелев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Өз даусымды беру үшін жағдай жасалғанына алғысымды білдіремін. Бүгін айтулы күн. Әр азамат өз таңдауын жасауда.

Ардагерге базарлық та тарту етілді. Негізі, Джура Кобелев Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. Ал соғыстан кейінгі жылдарда Петропавл қаласында полиция қызметкері болып жұмыс істеп, зейнетке шығады. Жалпы, 638-ші сайлау учаскесінде барлығы 28 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Актолкын Солтанханкызы