Балалар

Оқушыларға ұшқышсыз ұшақ пен дронды басқаруды үйретті

«Геоскан Қазақстан» компаниясының мамандары оқушыларға дрон мен ұшқышсыз ұшақтарды басқаруды үйретуде. Олардың көмегімен қаланың немесе белгілі бір учаскенің 3D үлгісін жасауға болады.

Санаулы секундтардан соң ұшқышсыз ұшақ әуеге көтерілді. Жаңа технологияны сүйер жас дарындар үрдісті қызығушылықпен тамашалауда. Бұл ұшақ/ дрондардардан өзгеше, оны Оқушылар сарайына баратын ұл-қыздар жасаған.

Максим Брехов, ұшқышсыз әуе аппараттары бойынша маман:

– Біз осы жобаға мектеп оқушыларын тарттық. Себебі, Қазақстанда аталған салада мамандар саны аз. Болашақта балаларды үйретіп, оқыту мақсатында осындай бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Ұшақ операторы және фотограмметрист – келешекте қажет мамандықтардың бірі. Соңғысы ұшақпен алынған деректермен жұмыс істейді. Елімізде мұндай сала мамандары саусақпен санарлық. Жиналған оқушылар аталған жұмыстармен танысып, деректердің қалай өңделетінін өз көздерімен көрді.

Әуедеге бірнеше сағаттық уақыттан соң, ұшақ қонады. Барлық суреттер компьютерге жүктеледі. Кейін жерді 3D моделінде құру үрдісі жүргізіледі.

Актолкын Солтанханкызы