Құқық қорғау органдары

Велосипедтерді қолды қылған азамат ұсталды

Домофонға хабарласып, түрлі себеп айтумен подъезге кіреді де кіреберісте тұрған велосипедтерді қолды қылады. Жергілікті тәртіп сақшылары бір сценарий бойынша жасалған ұрлықтардың бетін ашты.

Полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін қолды қылып, оңай ақша таппақ болған 1988 жылғы қала тұрғынын құрықтады. Күдікті бұрын ұрлық, тонау жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері шаһар полицейлері / ұрланған 18 қос дөңгелекті көлікті иелеріне қайтарған.

Ердәулет Өскенбай – Петропавл қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің аға жедел уәкілі :

– Мамыр айында велосипед ұрлықтары бойынша 8 арыз тіркелді. Оның жетеуі жедел іздестіру іс-шаралары барысында ашылып, велосипедтер иелеріне қайтарылды. Бұл ұрлықтардың барлығы велосипедтердің подъездерде қараусыз қалдыруынан орын алған. Велосипед ұрлығы ҚР ҚК 188-бабы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Актолкын Солтанханкызы