Ауа райы

Маусым айына арналған ауа райы болжамы

Маусым айының бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы күндіз 23 градусқа дейін жоғарыламақ. Ал екінші онкүндіктің басында 15-20 градус жылы болады. Кейін, ауа температурасы 32-37 градусқа дейін жетуі мүмкін. Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде +12-13 градусты көрсетсе, күндіз 27-ден +20-25 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашынның мөлшері өңірімізде тиісті нормадан аспайды, тек облыстың шығыс аумағында ғана көп жаууы ықтимал.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” РММ СҚОФ метеоболжам бөлімінің басшысы: 

–  5-6 маусымда СҚО-да кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады. Кей жерлерде екпіні – 25 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде +10, күндіз +10-15, кей жерлерде +18 градусқа дейін төмендейді.

Актолкын Солтанханкызы