Қайырымдылық

Қайырымдылық бал

Петропавлда кезекті мәрте қайырымдылық балы өтті. Оны қаламыздағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері ұйымдастырды.

Шарапаты мол шара кең пейілді де талантты жастардың өнер көрсетуінен басталды. Ортада білім ұясының 400 шәкірті жұптасып би биледі. Аукцион да ұйымдастырылды. Онда оқу ошағының суретшілері салған картиналар сатылды. Мәселен, мына жұмыс 136 мыңға саудаланды. Жалпы, кеште өткізілген туындылар мен билеттерден 3 млн 79 мың теңге жиналды. Бұл қаржыға 3 есту құрылғысы, 3 арнайы арба сатып алынған. Қалған ақша 3 отбасыға материалдық көмек ретінде беріліпті. Осылайша 8 жанұяға қолдау көрсетілді.

Вера Низова – ата-ана:

–  Мен балды ұйымдастырған балаларға алғыс айтамын. Олар демалысқа қарамастан керемет кеш өткізді. Әрбіріміздің жүзімізге күлкі ұялатты. Бойымызға сенімділік, күш, жігер сыйлады. Билері де әдемі болды. Өнерлері үстем, дендері сау болсын.

Эльмира Садвокасова