Білім

Жерлес оқушылар жарады

Жерлес оқушылар физика мен математика пәндерінен өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды.

Елордада ұйымдастырылған жарысқа бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің ұл-қыздары қатысыпты. Осыған дейін қалалық, облыстық деңгейде топ жарған екі оқушы осы жолы қанжығаларына қола жүлдені байлап келген.

Алла Борщ, Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің оқу-ісі меңгерушісі:

– Бұндай нәтижеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Біздің лицейде барлық пәндер өте терең оқытылады. Олимпиадалар мен түрлі жарыстарға жүйелі дайындық жүргіземіз. Сондықтан, оқушыларымыз республикалық деңгейде үздіктер қатарынан көрінді.