Білім

Қош бол мектебім

25-ші мамыр күні соңғы қоңырау үні қаламыздағы №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде де естілді. Бұл оқу ошағын 30 түлек тәмамдады. Салтанатты шараға шаһар басшысы Болат Жұмабеков қатысып, жастарға сәт сапар тіледі.

25-ші мамыр – барлық түлектер үшін ерекше тебіреніске толы күн. Кеше ғана олар тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған болатын. Енді балғын балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Әне-міне, дегенше салтанаты шара да қала әкімі Болат Жұмабековтың құтықтау сөздерімен бастау алды.

Болат Жұмбеков – Петропавл қаласы әкімі:

–  Биыл түлектер үшін үлкен жол тұр. Мектепті аяқтайсыздар. Эмтихан мен тестілеуден ама-есен өтіп, армандарыңызға жетіңіздер. Ұстаздардың сенімін ақтап биік белестерлді бағындырыңыздар. Жолдарыңыз әрқашан ашық болсын.

30 жылдық тарихы бар №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінен ұшқыр ойлы ақын-жазушы да, білімді саясаткер де, білікті ғалым да шыққан. Биыл сол сара жолды оқу ошағын тәмамдап жатқан 30 түлек те жалғамақшы. Олардың 6-уы алтын белгіге үміткер. Алда оларды маңызды сынақ күтіп тұр. Мектеп бітірушілердің 16-сы ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. Арасында Елдана Рамазанова да бар. Бойжеткен болшағын туризм саласымен байланыстырмақшы екен.

Ельдана Рамазанова – №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің бітірушісі:

 – Біз осы сәтті 11 жыл күттік. Бірақ, шын мәнінде мектепті бітіру өте әсерлі екен. Тіпті жылап та алдық. Сыныптастарымызбен бір-бірімізді қимай тұрмыз. Дегенмен, енді үлкен өмірге қадам бастым. Алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алып, туризм саласының білікті маманы болғым келеді.

Алтын ұямен қошатасар күн түлектерге ғана емес, оларды өсіріп жеткізген ата-аналар үшін де маңызды. Сондықтан осынау жауапты сәтте олар бауыр еті баласын қолдауға келген.

Виктория Усольцева – мектеп бітірушісінің анасы:

– Менің де ұлым мектеп бітірді. Қуаныштан аздап қобалжып та тұрмын. Барлық ата-ананы осы атаулы күнмен құтықтаймын. Балалары сенімдерін ақтап, елімізді дамытуға үлес қосатын азамат болып өссін.

Айта кеткен жөн, аталмыш оқу ордасында 1170 оқушы білім алады. Олардың біразы республикалық және облыстық сайыстарда топ жарған.

 

Маржан Касымбек