Денсаулық сақтау

Дәрі рецептілеріне қатысты өзгеріс

Ел аумағында тіркелген 7792 дәрі-дәрмектің 6 мыңнан астамы дәрігердің рецепті бойынша босатылады.

Сондай-ақ, биылдан бастап аталған рұқсат қағазына қатысты өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, рецепт жазу, есепке алу және оны сақтау ережелері өзгертілді. Енді олар дәрігерлермен берілген уақытынан бастап 3 айға ғана жарамды. Бірақ, оның ішіне белгілі бір қоспалары бар дәрілердің шектеулі көлемі кірмейді.

Айгүл Такеева – ҚР ДСМ Фармация комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

 – Бүгінгі таңда рецепт арқылы сатылатын дәрілерге микробқа қарсы және гормональді препараттар, құрамында есірткі мен психотропты заттар бар дәрілер, жүрек-қантамыр ауруларын, асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған медициналық препараттар, антибиотиктер және т.б. жатады. Ал дәрумендер, мұрынға тамызатын дәрілер, шөптен жасалған шайлар мен суық тиюге қарсы және ауыруды басатын кейбір препараттар рецептісіз босатылады.

Ешкенова Дана