Балалар

Пестрое маңында “Таза жағалау” акциясы өтті

«Таза жағалау». Осындай атаумен бүгін Пестрое көлінің маңында экологиялық шара өтті. Акция шағын сайыс түрінде ұйымдастырылды. Оған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің өкілдері және студенттер атсалысты.

Шараға 80-нен астам студент жиналған. Мақсаты – жастарды табиғатты аялауға ындаландырып, қоршаған ортаның ластануын алдын алу.

Андрей Славный, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының бас маманы:

– Акция өз жұмысын 10 жыл көлемінде жалғастырып келеді. Бүгінгі шара 3 номинация бойынша өтпек. Бірінші кезекте қоқыстың көлемі есептеледі. Ол 2-ге бөлініп жиналады. Жалпы және кәдеге жарайтындары. Қорытындылау кезінде оның барлығы ескеріледі.

Өзен жағалауын тазартуға кірісіп кеткендердің бірі – 4 курс студенті Ризабек Қазжанов. Оның бұл іс-шараға қатысуы алғаш емес.

Ризабек Қазжанов, М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

–  Мұндай ақцияларға жылда қатысамыз. Мен М.Жұмабаев атындағы гумманитарлық колледж атынан келіп отырмын. Мен өзімнің колледж студенттерімнің атынан айтарым, барлығымыз өз ауламызды, үйдің маңайын 00:54 таза ұстауымыз керек.

Нәтижесінде жиналған қоқыстың салмағы өлшеніп, жүлделі орын алған топтар ақшалай сертифатқа ие болды.

Актолкын Солтанханкыз