МТРА жаңалықтары

Сайлауға әзірлік

Петропавлда қалалық, аудандық және облыстық сайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді. Жиынға арнайы келген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина атсалысты.

Жиында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина сөз сөйледі. Ол жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау заңнамасының өзгеруіне байланысты бірқатар сәттерді түсіндіріп кетті. Оған қоса нәзікжанды алдағы маусым айының басында өтетін президенттік сайлау аса маңызды саяси шара екендігін атап өтті.

Сәбила Мұстафина – ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Орталық сайлау комиссиясының мүшелелері 16-мамырдан бастап бүкіл аймақтарда осындай семинар өкізуде.

Семинарға қалалық, аудандық және облыстық сайлау комиссияларының төрағалары, саяси партиялардың өкіл­дері және халықаралық байқаушылар қатысты. Жиын барысында президенттік сайлауға байланысты облыста осы күнге дейін атқарылып келген жұмыстар жөнінде де жан-жақ­ты әңгіме қозғалды.

Қанат Сәдуақас – №595 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

– Бұл жиында сайлауға байланысты керекті мағлұматтармен танысудамыз. Сайлау таза әрі ешқандай кемшіліксіз өткенін қалаймыз. Жалпы, менің учаскем сайлауға дайын. 2 мыңға жуық сайлаушымыз бар.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта Қазақстанда ЕҚЫҰ және ТМД елдерінің ұзақ мерзімді комиссияларының өкілдері жұмыс істеуде.

Эльмира Садвокасова