Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы өтуде

“Жолда қабылдау”! Осындай атаумен бүгін өңір аумағында республикалық ақция бастау алды. Петропавлда бұл шара Заречный кентіне апарар көпір маңында өтіп жатыр. Мұнда кез келген темір тұлпар иесі полиция қызметкерлеріне толғандырған сұрақтарын қояды. Мәселен, машинаны қалай тіркеуге, сақтандыруға болатындығын біле алады. Бұдан бөлек те сауалдарға жауап табылды. Акцияның алғашқы күні мынандай бір қызық сұрақ түсті. Жүргізуші Сергей Крысинді тәртіп сақшылары көлігінің алдына орнатылған кенгурятник атты бөлшек үшін жиі тоқтады екен. Айта кетейік, бұл дүние қорғаныс және әсемдік мақсатында пайдаланылады.

Сергей Крысин – көлік жүргізуші:

–  Полицейлерден сұрағанымда олар маған бұл бөлшектің кейбіреуі заң тұрғысынан стандарттарға сай келмейтіндігін айтты. Және кенгурятникке қатысты арнайы рұқсат қағазы болу қажеттігін, оның салмағы 50 келіден аспау керектігін түсіндірді. Менде тиісті қағаздардың барлығы бар. Барлығы заң бойынша жасалған. Сол себепті, маған ешқандай шара қолданылмайды екен.