Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері марапатталды

Бүгінгі күннің батырлары. Петропавлда жұмыс барысында батылдық танытып, адамдарды өлім аузынан құтқарып қалған тәртіп сақшылары құрметке бөленді. Оларға облыстық полция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мақтау қағазын табыстады.

Марапатталғандардың қатарында кіші сержант Денис Комаров та бар. Ол сәуір айының 14-ші жұлдызында 30 метрлік жардан секіріп кетпекші болған 21 жастағы бойжеткенді құтқарып қалған болатын.

Денис Комаров, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының полицейі:

– Өз-өзіне құл жұмсамаққа әрекет етейін деп тұрған қызды көргенде сәл абдырап қалдым. Бірақ, бар күш-жігерімді жиып, қалай да оны құтқарып қалу қажет екенін ойладым. Оның бұл ісі дұрыс емес екендігін түсіндіріп, азаматшаны әріптестеріммен бірге қауіпсіз жерге шығардық.

Ал Рощинское селосы маңында автобус жанғанда балаларды сыртқа шығарып үлгерген – Жігер Балтабай мен Батырхан Молдажанов. Екеуі де бүгін марапатқа ие болды. Алғашқысы құқық қорғау органдарында 8 жыл бойы еңбек етеді. Әкесінің жолын қуған азамат оқиға орын алғанда жедел әрекет етудің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алдық дейді.

Жігер Балтабай, СҚО ПД ЖППБ аға инспекторы:

– Бұл – біздің міндетіміз. Абырой болғанда барлығының аман-есен қалғанына қуаныштымын. Қазақстан Республикасына қызмет етеміз.

Жалпы, өңірдің тәртіп сақшылары жыл басынан бері оқыс оқиғалар кезінде 20-дан астам адамды құтқарған.

Актолкын Солтанханкызы