Денсаулық сақтау

Аудандық аурухана заманауи қондырғымен толықты

Мамлют орталық аудандық ауруханасы заманауи қондырғымен толықты. Сәуір айының соңында емдеу мекемесіне құны 23 жарым млн теңгені құрайтын цифрлы флюорогрАфиялық аппарат орнатылды. Соңғы үлгідегі құрылғының артықшылықтары жетерлік. Ол кескінді бірден автоматты түрде ақпараттық жүйеге жібереді, медициналық қызметкерлерлі рентген сәуледен қорғайды.

Мамлют орталық аудандық ауруханасында 8 ай бойы флюорографиялық аппарат болмапты. Ол кезде кескін жасау үшін тұрғындарды облыс орталығына жіберуга тура келіпті. Енді, бұл қиындық артта қалды. Емдеу мекемесіне Ақтөбе қаласындағы рентген зауытында жасалған цифрлы құрылғы орнатылды.

Марина Коробкова – Мамлют орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– 2019 жылдың басында облыс қазынасынан флюорографиялық аппарат алуға 23 млн 579 мың теңге бөлінді. Осы қаржыға сәуірдің 24-і күні мынандай отандық қондырғыны сатып әкеліп орнаттық. Соңғы үлгідегі құрылғының арттықшылықтары көп. Жаңашылдық бірінші кезекте түсірілген кесінді қас-қағым уақыттың ішінде әзірлеп, автоматты түрде ақпараттық жүйеге жібереді. Ол жерге кез келген дәрігер кіріп, суретпен таныса алады.

Тағы, кескін тұрғынның электронды денсаулық паспортына да жіберіледі. Нәтижесінде науқас флюорографиялық суретті өзінің жеке кабинетіне кіріп те көре алады. Қондырғыда рентген кабина да бар. Ол медициналық қызметкерлерді сәулелерден қорғайды. Аппараттың жұмысы Лариса Мазлованың бақылауында. Нәзікжанды күніне орта есеппен 60-70 адамды қабылдайды екен.

Лариса Мазлова – Мамлют орталық аудандық ауруханасының рентген зертханашысы:

– Аппараттың жұмысы басқарылатын бағдарлама өте ыңғайлы. Ол кескінді бірден көрсетеді әрі суреттердің барлығы анық. Мамандар ешқандай қиындықсыз бейнені қарап, қорытынды жасай алады. Мәселен, жақында 2 бірдей өкпенің қабыну фактісін анықтадық. Науқастар қазір ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, биыл тағы Мамлют орталық аудандық ауруханасына 2 санитарлық көлік пен Краснознаменное селосындағы медициналық пунктке қондырғы сатып алу жоспарланып отыр. Оған өңір қазынасынан 30 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті.

Култанов Байболат