Спорт

Веложарыстан қала біріншілігі өтті

Кеше өңірде веложарыстан жаздық маусым ашылды. Қала біріншілігіне 12 мен 16 жас аралығындағы 100-ден астам спортшы қатысты. Бұл – жеке стартты сайыс. Яғни, әр спортшы жақсы уақыт нәтижесін көрсеу үшін жарыс жолына түсті. Үздіктері облыс құрамасына алынады.

Алғашқы минуттарды 13-14 жастағы балалар бастаған. Велошабандоздар желмен жүйтки жарысып келе жатыр. Әр қатысушы жақсы уақыт нәтижесін көрету үшін барын салуда. Никита Шамшинның да кезегі келіп, 30-шы минутта сайыс жолына түсті. Велоспортты таңдауына ата-анасы себепкер болған екен. Қазір бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 3 жылдай болып қалыпты.

Никита Шамшин, велошабандоз:

 – Велоспортта тек бегілі бір қашықтықты бағындырып қана қоймай, түрлі деңгейде дайындаламыз. Мәселен, жазда біз физикалық жаттығулар мен жүгіруге екпін береміз, ал қыста шаңғы тебеміз. Негізі, бұған бірнеше жүлделі орын алғанмын. Алдағы уақытта, әрине алтын медаль тағу үшін барымды саламын.

2 түрлі жас категориясында өтіп жатқан додаға қатысушылар саны 100-ден асады. Олар 10 және 20 шақырымды бағындырулары керек. Веложарыс стандарттарына сай шабандоздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол полиция қызметкерлері әуежай бағытындағы қозғалысты қадағалауда. Жедел жәрдем де түрлі төтенше жағдайға әзір. Негізі, қатысушылардың барлығы – олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Владимир Парахин, велосипед спорты бойынша МБЖОРМ директоры:

– Бұл жарыстың өту мақсаты – велошабандоздардың дайындығын шыңдап қана қоймай, үздіктерін алдағы республикалық жарысқа іріктеп алу. Яғни аймақтық құраманың сапына алынады. Бүгінде өңірімізде велоспорттың даму қарқыны жақсы. Оған республикалық, халықаралық деңгейлердегі жарыстарда көрсеткен нәтижелеріміз дәлел.

Айта кетейік, велоспорттан республикалық жарыс мауысым айында Алматы қаласында өтеді.

Актолкын Солтанханкызы