Мәдениет

Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өтті

Ерлердің ерлігі ұмытылмайды! Бүгін қалалық мәдениет үйінде Ұлы Жеңіс күніне арналған концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада, әсіресе әскери әндер шырқалды.

Салтанатты мерекелік іс-шараның шымылдығын Әскери институттың оркестрі ашты. Ұжымның орындауындағы туындылар жиналғандарға жігер беріп, мерекені ерекше сәнге бөледі.

Ардақ Айтжанов – ҚР ҰҰ Әскери институты оркестрінің старшинасы:

– Осы Ұлы Отан соғысында шайқасқан ардагерлеріміз қаншама ерлік жасады. Соны ұмытпау үшін осындай мереке жыл сайын өткізіліп отырады.

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған шарада қаламыздың ардагерлері де атсалысып, әсем әндерін шырқады. Солардың бірі – Сапар Тасбаев. Ағамыз 35 жыл бойы Петропавл ауыр машина жасау зауытында еңбек еткен. Қазіргі кезде зейнеткер өзге еңбек демалысындағылармен қала және ауылды аймақтарды аралап, ел қаһармандарын жастар арасында дәріптеп жүр екен.

Сапар Тасбаев – “ПАМЖЗ” АҚ бастауыш ардагерлер ұйымының мүшесі:

– Концертімізде өзімнің жақсы көретін өлеңдерім. 28 батырға арналған “Біздің артымызда Москва” кинофильмінің өлеңін шырқадым.

Өнерпаздар соғыс жылдарында жауынгерлік рухты көтерген патриоттық тақырыптағы әндерді көп шырқады. Сол арқылы бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғысын жеткізді.

Маржан Касымбек