Білім

Жерлесіміз халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Химия-биология бағытындағы НЗМ-нің студенті Халықаралық Менделеев олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Биыл 53-ші жыл ұйымдастырылып отырған байқау Санкт-Петербург қаласында өткен. Сайысқа 30-ға жуық елден 150-ден астам жоғары сынып оқушысы қатысқан екен.

Химия пәнінің білгірлері арасындағы мұндай сынды өткізу игі дәстүрге айналған. Оған жыл сайын әр елден 100-ге тарта үміткер қатысады екен. Өз білімін сынауға жергілікті НЗМ студенті Айдын Тайшыбай да барған.

Айдын Тайшыбай – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

 – Жыл сайын тапсырмалар қиындап келеді. Бұл – химия пәнінен ең беделді де қиын олимпиада. Мен болашағымды дәл осы саламен байланыстырғым келеді. Бұл пән көптеген ғылымдарға жол ашады.

Биыл мектепті тәмамдағалы жүрген 12-шы сынып студенті «Алтын белгіден» үміткер екен. Ол осыған дейін де түрлі облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып жоғары орындарды еншілеген.

Бауржан Түленов – Химия-биология бағытындағы НЗМ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары:

– Айдын олипиадалық қозғалыста өзінің жетістіктерін былтырдан бастап көрсете бастады.Өте аз уақыттың ішінде осындай жетістіктерге жету Айдынның жеке қабілеттеріне байланысты. Еңбекқорлығы, шыдамдығы, әрине табиғаттың берген дарындылығы. Болашақта осындай жетістіктері әлі көп болады деп ойлаймын.

Айта кеткен жөн, Халықаралық Менделеев олимпиадасы биыл 53-ші жыл өткізіліп отыр.

 

 

Маржан Касымбек