Білім

“Ұлы даланың жеті қыры” атты кабинет ашылды

“Ұлы даланың жеті қыры”. Бүгін әл-Фараби мектеп-лицейінде осындай атаумен кабинет ашылды. Сыныптың бір ерекшелігі – ол жерде оқушылар білім алып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүр және мәдениетімізбен кеңірек таныса алады.

“Ұлы даланың жеті қыры” атты сыныптың ашылу салтанатына ардагерлер, қаламыздың белді тұлғалары, педагог мамандар мен мектеп оқушылары жиналған. Былтыр қараша айында әл-Фараби мектеп-лицейінде “Рухани жаңғыру” жобалау кеңсесі ашылған екен. Ал биыл шәкірттерге арналып “Ұлы даланың жеті қыры” атты сынып жұмысын бастағалы отыр.

Күлімкөз Смаилова – әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры:

– Мереке қарсаңында бүгін “Ұлы даланың жеті қыры” кабинетіміздің тұсаукесерін жасап жатырмыз. Бұл кабинетте әлі талай қызықты іс-шаралар болады деген ойдамыз.
00:58 Бұл жер жай сабақ беретін кабинет қана емес. Қазақтың 01:08 асыл құндылықтарымен танысатын жер. Рухани байытылатын орта.

“Ұлы даланың жеті қыры” атты кабинетте оқушылар білім алып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімізбен тереңірек таныса алады. Сыныптың ортасында шаңырақ, Күлтегін ескерткіші және Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанның көшірмесі орналасқан. Мұндағы заттардың көбісін мектеп оқушылары жинақтаған екен.

Наталья Халина – әл-Фараби мектеп-лицейнің оқушысы:

– Мен осы кабинеттің ашылғанына қуаныштымын. Себебі, қазіргі кезде осындай сыныптар көп мектепте ашыла бермейді.  Технология дамыған заманда рухани құндылықтарды ұмытып кетеміз. 00:44 Ал бұл сыныптың пайдасы зор деп ойлаймын. Себебі, ол адамның бойында осы қасиеттерді қайда дамытады.

Адина Айдарбек – әл-Фараби мектеп-лицейнің оқушысы:

– Бүгінгі кабинеттің ашылуына өте қуаныштымын. Осында орналасқан заттардың барлығы біздің ата бабаларымызда болғаны дәлелі. Сабақтар өткен кезде, осындай атмосферада отырған өте жақсы. Осы кабинетте Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті сабақтары өтеді.

“Ұлы даланың жеті қыры” атты сыныпта әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары ғана емес, қаламыздағы басқа да білім ұясының шәкірттеріне сабақ алуға мүмкіндіктері бар.

Маржан Касымбек