Денсаулық сақтау

Ресейлік дәрігерлер қабылдау жүргізеді

Өңір тұрғындарына құлаққағыс. Мойын омыртқасындағы ауырсынуларды швейцариялық әдіспен емдеу мүмкіндігі бар. Петропавлда мамырдың 8-і мен 12-сі күндері аралығында “Атлант” медициналық орталығының мамандары кезекті қабылдауларын өткізбек.

73 жастағы Федор Янакогловтың 7-8 жылдан бері мойын омыртқасы маза бермепті. Дертіне дауа іздеген зейнеткер осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Федор Янакоглов:

– Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Ресейлік медициналық орталықтың сауықтыру әдісі дертінің емін таба алмай жүрген Людмила Чвановаға да септігін тигізген. Нәзікжандының соңғы бір жыл бойы мойны мен белі қатты сыздап ауырыпты. Емін-еркін жүруден қалған ол соңғы үмітін арқалап “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлеріне жүгінген.

Людмила Чванова:

– Аппаратты қолданған алғашқы күні дене мүшелерім аздап сырқырады. Өзімді сәл жайсыз сезіндім деп айтуға болады. Бірақ, бір-екі күн өткеннен кейін жағдайым, тіпті түзеліп қалды. Қазір денсаулығым қалыпты.

“Атлант” медициналық орталығының мамандары омыртқадағы түрлі ауырсынуларды емдеуде швейцариялық қондырғыны пайдаланады. Кей пациенттерге аппаратпен бір рет емделу жеткілікті болса, өзгелеріне бірнеше курстан өту қажет екен.

Владимир Бочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Ресейлік мамандар кезекті қабылдауларын мамырдың 8-і мен 12-сі аралығында Петропавлдағы “Панацея” медициналық орталығында өткізеді.

 

 

Култанов Байболат