Спорт

Петропавлда бокс турнирі өтіп жатыр

Петропавлда бокстан ашық республикалық турнир өтіп жатыр. Теріскейлік жаттықтырушыларды еске алуға арналған жарысқа 130-ға жуық жасөспірім қатысуда.

Шаршы алаңға шыққандардың қатарында қазақстандықтардан бөлек, Ресейдің Түмен және Кемерово қалаларынан келген спортшылар да бар. Олар облыс орталығында 4 күн бойы 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Доданың алғашқы күнінде 44 келідегі өрендер жұдырықтасып, тартысты бәсеке ұсынды. Әсіресе, рудныйлық жас былғары қолғап шебері мен жергілікті Ратмир Файзулин арасындағы кездесу көптің назарын аударды. Бұл бәсекеде петропавлдық боксшының жолы болып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ратмир Файзулин – турнир қатысушысы, Петропавл қаласы:

– Бауырдан ұрдым. Бұл – ең осал жер. Соның және беттен дөп тиген соққылардың арқасында жеңіске жеттім. Жаттықтырушым да ұтуыма көп көмектесті.

Саят Ермек