Қоғам

Петропавлда Халықаралық экологиялық форум өтті

Бүгін кәсіптік-педагогикалық колледжінде Халықаралық экологиялық форум өткізілді. «Жастар жылына» орай ұйымдастырылып жатқан іс-шарада студенттер 3 бағыт бойынша сынға түсті.

Көріп отырғанымыздай, автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін кері әсері көп. Олардан шығатын улы газдар адам өмірі үшін де зиянды. Нақ осы мәселені өз баяндамасына СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Дамира Абуова арқау еткен.

Дамира Абуова – СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Бұл форумда мен автокөліктердің жалпы табиғатқа тигізетін әсері туралы баяндаймын. Менің баяндамамда экологиялық отындардың жануы, газдың пайдаланылуы және де елімізде шығарылатын бензин өнеркәсібінің сапасы мен дамуы туралы айтамын.

Ас-адамның арқауы. Сондықтан, дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Әрі алған өнімнің құрамына ерекше назар аударған жөн.

Балнұр Төлеухан – СҚ кәсіптік-педагогикалық колледж студенті:

– Кез келген тағамның құрамы мен мөлшеріне мән беріп қарау керек. Қазіргі кезде экологиямыздың нашарлауы адам ағзасына үлкен әсерін тигізеді. Қазақстан болашағы жастар қолында болғандықтан, біздің мақсатымыз, әр тағамды дұрыс пайлана білуге дағдылану.

Халықаралық экологиялық форумда кәсіптік-педагогикалық колледждің студенттері ең өзекті деген тақырыптарды қозғаған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шара жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, қоршаған ортаны қорғауға баулиды.

Рысгүл Мейрембаева – “Атамекен” эко-клубының жетекшісі:

– Халықаралық экологиялық форумға осы колледжден 100-ден артық қатысушы қатысып жатыр. Біздің колледжімізде 18 жылдан астам «Атамекен» клубы жұмыс атқарады. Әр түрлі іс-шаралар өткізеді.

Форум халықаралық «Жастар жылына» орай ұйымдастырылып отыр. Сайыс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. Ең үздік баяндама жасаған студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Маржан Қасымбек