Спорт

Азия чемпионатының жүлдегерлері ел оралды

Бүгін Азия чемпионатында ел мерейін асырған теріскейлік жеңіл атлеттер үйге оралды. Оларды теміржол вокзалынан туған-туыстары, жаттықтырушылар мен достары күтіп алды.

Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен чемпионатқа өңірімізден аттанған 3 спортшы бүгін елге оралды. Жерлестеріміз мінген Алматы-Петропавл бағытындағы пойыз бір жарым сағаттқа кешікенмен, атлеттеріміздің жақындарын бұл еш қымсытқан жоқ. Күтіп алушылар қатарында жаттықтырушылар да бар. Талай жылдан бері желаяқтарды баптап жүрген олар бұл жеңіс тынбас еңбек пен жаттығулардың нәтижесі дейді.

Александр Окованцев, Олимпидалық резервтегі балалар мен жасөсперімдер спорт мектебінің жеңіл атлетикадан аға жатықтырушысы:

– Бұл чемпионат спортшыларымыз үшін ерте басталды. Себебі, Азияда жеңіл атлеттер үшін маусымның ортасы болса, бізде бұл дайындық кезеңі ғана. Бірақ біз бар күшімізді салып, жарысқа әзірлендік. Шынымды айтсам, осындай нәтижемен оралады деп ойламадым. Дегенмен қуанышымда шек жоқ.

Пойыз тоқтап, вагоннан алғашқылардың бірі болып Дохада қола медальға қол жеткізген Маргарита Мұқашева шықты. Айта кетейік, бұл оның Азия чемпионатында алған осымен 4-ші жүлдесі. Михаил Литвин де -мәреге үшінші болып келді. Спортшы жарыстың алғашқы күні аса қиын болмады дейді. Бірақ жартылай финал кезінде біраз тер төгуге тура келген.

Михаил Литвин, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

– Жартылай финалда мен тоғызыншы жолақта жүгірдім. Бұл маған біраз қиындық туғызды, себебі қарсыластарымды көруге мүмкіндік жоқ. Осындай жағдайда тек өзіңнің ырғағыңа сенесің. Нәтижесінде мен үздіктер қатрында көріндім.

Желаяқ 400 метрлік қашықтықты 45,25 секунда бағындырып, Қазақстанда жаңа рекорд орнатқан. Бұл көрсеткіш спортшыға 2019 жылғы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Ол қыркүйек айында Доха қаласында өтпек.

 

Ақтолқын Солтанханқызы