Денсаулық сақтау

Ресейлік дәрігерлер қабылдау жүргізеді

Мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларынан арылуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Ресейлік дәрігерлер ағзадағы бұл ақауларды швейцариялық бірегей әдіспен емдейді. Олар Петропавлға мамыр айында келіп, қабылдау жүргізбек.

Нәзира Айтымова босанғаннан кейін дертке шылдығыпты. Оның белі мен басы ауырып, қолдары ұйыйтын болған. Сырқаты шыдатпағасын жерлесіміз қаңтар айында “Атлант” медициналық орталығына жүгінеді. Мұндағы мамандар азаматшаны тексеріп, ем-дом жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде Нәзираның денсаулағы түзеледі.

Нәзира Айтымова:

–  Тексеру кезінде менің бірінші мойын омыртқам жылжығына анықталып, түзетуге жіберілдім. Онда дәрігерлерлің кеңесімен дәрумендер қабылдадым, гимнастикаға қатысып, суда емдеу шараларын жүргіздік. Осының арқасында белім жазылып, қолымның ұйығаны басылды. Басым да көп ауырмайтын болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. “Атлант” медициналық орталығына жүгініп, ем қабылдағаныма қуаныштымын.

Адамды қалыпты өмір салтына қайта оралтуда мамандар швейцарлық ғалымдар ойлап тапқан әдістемені пайдаланады. Бір процедураны қолдану жеткілікті, кейін ағзада өзін-өзі емдеу үрдісі жүретін көрінеді. Осылайша «Атлант» орталығының дәрігерлері қазақстандық және ресейлік мыңдаған науқасқа көмектесіпті.

Владимир Бочановский, “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

“Атлант” орталығының ақ халаттылары Петропавл қаласында мамырдың 8-і мен 13-і күндері аралығында болады. Мамандардың қабылдауына 63-21-72 нөмірі бойынша жазылуға мүмкіндік бар. Дәрігерлер кеңес беру және ем-дом шараларын Жұмабаев көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан “Панацея” орталығында өткізбек.

Байболат Бектемірұлы