Білім

Петропавлда техникалық шеберлік фестивалі өтті

Бүгін Петропавлда техникалық шеберлік фестивалі өтті. Өңір оқушылары, студенттер мен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан жандар өз жобаларын қазылар назарына ұсынды.

Байқауға жүзден аса адам қатысты. Олар ұсынған инновациялық жобалар мұнда жетерлік. Мәселен, Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің 2 студенті трактор өте алмайтын жерлерді қардан тазартатын арнайы машина ойлап тапқан. Оған өңір бойынша сұраныс жоғары болады деп санайды идея авторлары. Сондай-ақ, фестивальде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған қондырғы, кемелер мен ұшақтардың түрлі модельдері де болды. Өнертапқыштар сайысында барлығы 60 жоба ұсынылған. Айта кеткен жөн, байқауға сотталғандар осымен 4-ші жыл қатысып отыр.

Мерген Айсенов – ЕС 164/3 Петропавл кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері:

– 164/3 мекемесінде мерізімін атқарып жатқан сотталғандар колледжде оқып жатыр. Осы көрмеге былтыр қатысқанда бірінші орын алдық. Жүлделі орындар алса, оларға мерзімінен бұрын босауға жағдай көп болады, алғыс хаттар мен грамоталар беріледі.