Балалар

Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Тәтті торт” байқауы өтті

Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері өздері оқыған кітап желісі бойынша торт пісіріп жарысты. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Тәтті кітап» шарасына шәкірттер мен олардың мұғалімдері және аналары қатысты. Жастар дәмді өнімдерді танымал жазушы тұлғалардың кітаптарының сыртына сәйкестендіріп безендірді.

Байқау ережесіне сай қатысушылар 2 ай ішінде өздері қалаған 1 кітапты оқып шығулары керек болатын. Шығармалардан алған шабыттарына қарай тәтті торт пісіреді. Оларды безендіру жұмыстарына 30 минут уақыт берілген. НЗМ 10-сынып студенті Жібек Жанбылова бүгінгі шараның қызықты әрі оңай өтіп жатқанын айтады. Өйткені, оған кішкентай кезінен бастап торт пісіруді анасы үйреткен екен.

Жібек Жанбылова – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Бүгін біз Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы бойынша торт пісіруді шештік. Біздің тортымыз заманауи «Випу пай» торты деп аталады. Өкінішке қарай, бүгінгі күні қазақ жастары қазақ әдеби туындыларын біле бермейді. Және осы мәселені шешу үшін біз осындай сайысты ұйымдастыруды шештік. Және бұл сайыс көптеген оқушыларға қазақ шығармаларын оқуға құштарлық береді деп ойлаймын.

Фестивальге арнайы құрылған 15 шаңырақ қатысып жатыр. Әрқайсысында 3 оқушыдан бар. Әрі мұғалімдері мен аналары да атсалысуда. Олар дайындаған торттар дәмі, безендірілуі мен таңдалған шығармаға қарай бағаланады. Ұйымдастырушылардың сөзінше сайыс жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани дамуына да әсерін тигізеді.

Айгерім Темірғалиева – Химия-биология бағытындағы НЗМ кітапханашысы:

– Сайыс өте қызықты өтіп жатыр. Барлығының қатысуы өте белсенді. Балалар қаншама туынды оқып келген. Кітаптан алған әсерлерін әлі күнге дейін жарыса айтып жүр. Жалпы, мұндай шара ұйымшылдығымызды арттыра түседі.

Фестиваль соңында “Есіл” шаңырағының мүшелері пісірген “Менің атым Қожа” атты торт үздік деп танылды. Оған қоса қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Маржан Қасымбек