Халық тарих толқынында

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні атап өтілді

Сәуірдің 18-і – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай қаладағы музейлер мен архив қызметкерлерінің арасында автоквест ойыны өткізілді.

Мақсат – білім сайысына қатысушылардың өңірдегі тарихи ескерткіштер туралы қаншалықты білетіндіктерін байқау. Барлығы тиісті тапсырмаларды орындап, олардың жауабы ретінде 11 тарихи орынды табулары тиіс. Сындардан жылдам әрі сүрінбей өткен ұжым 50 мың теңге сыйлыққа ие болады.

Рақат Мамбеталинов, СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Облыс аумағында 599 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 8-і республикалық маңызға ие. Алғаш рет өткізіліп жатқан «Саудагерлер қаласы» атты автоквесттің мақсаты – жерлестерімізді өңіріміздегі ескерткіштермен таныстыру. Бүгінгі ойынға қаламыздан 4 ұжым қатысып жатыр. Болашақта олардың санын көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз.

Магжан Ахмадина