Балалар

“Саланг” әскери-патриоттық клубына – 32 жыл

Биыл “Саланг” әскери-патриоттық клубына 32 жыл толып отыр. Ұйымға бүгінде 30-ға жуық адам мүшелік етеді. Клуб тарапынан атқарылған жұмыс арнайы өткізілген жиында баяндалды.

Александр Азеговтың курстық семинарын тыңдауға қызметтестері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары келген. Жиында қонақтарға клуб жетекшісі шағын баяндама жасап, «Саланг» әскери-патриоттық клубының өмірі туралы 2 минуттық бейнеролик көрсетті.

Гүлдана Рысбаева – СҚО жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы бөлім басшысы:

– Биыл елбасымыз «Жастар жылы» аясында әскери-патриоттық қозғалысты дамытуға мақсат қойды. Осының аясында бізде жаңадан «Жас сарбаз» қозғалысы ашылып отыр.

«Саланг» әскери-патриоттық клубының құрылғанына биыл 32 жыл толды. 30-ға жуық курсант тәрбиеленіп жатқан клуб тарапынан осы жылдар аралығында атқарылған жұмыс аз емес. Мұнда жастар күнделікті дайындықтан өтіп, қазба жұмыстарына қатысады.

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Клубымыздың ерекшелігі – біз жастарды пайдалы жұмыс атқаруға бағыттаймыз. Әскери өмірге дайындаймыз. Бізде өзіміздің спортзал, атыс тирі және жаттығу залы бар. Атқарған ісімізге ақы алмаймыз, бұл – біздің хоббиіміз.

«Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері мен жәдігерлерді іздестіру мақсатында сәуірдің 19-ында Ресейдің Новгород облысына бармақшы.

 

Маржан Қасымбек