Балалар

Көркемөнер байқауы қорытындыланды

Кіршіксіз сезім – жас дарынның көзімен. Петропавлда “Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу” эпосына арналған көркемөнер байқауы қорытындыланды. Сайысқа 100-ге жуық туынды қатыстырылған.

Туындылардың барлығында кіршіксіз махаббат символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу бейнеленген. Жұмыстардың авторлары – көркемөнермен кәсіби түрде айналысуға ниет білдірген қала мектептерінің оқушылары. Ең кіші қатысушының жасы -6 да болса, үлкені – 16-ға келген жасөспірім. Сондықтан болар, махаббат сезімі суреттерінде түрліше бейнеленген. Бірі – қос ғашықтың жастық шағын, бірі араларындаы сүйіспеншіліктің оянған кезін көрсетіпті. Трагедиямен аяқталған оқиғаның қиялдағы жалғасын салғандар да бар. Бұл – көркемөнер мектебі тәрбиеленушілерінің 3 айға созылған еңбегінің нәтижесі. Ерекше стиль, түскиіз бен заманауи дизайнның үлесуі.

Елена Сафинова – ЮНЕСКО клубы-көркемөнер мектебінің оқытушысы:

– Балалармен туындыны тоқымалық дизайн бойынша жасадық. Бұл – өте заманауи әрі сәнді стиль. Жұмыс барысы күрделі. Әсіресе, қос ғашықтың бет-әлпетін келтіру қиынға түсті. Бірақ, нәтижесі қуантарлық. Балалардың көңілі толды. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың бір-біріне жазған хаттарын жеткізген қараторғайды да бейнеледік.

Байқау қаңтар айында бастау алыпты. Дарын иелерінің сайысына барлығы 100 жұмыс тапсырылған. Облыстық кітапханада үздік деп танылған 50-ге жуығы ілініп тұр. Ал топ жарғандарын бүгін ұйымдастырушылар марапаттамақ. Аделя Тілеубаева – 10 жаста. Жарыс туралы естігенде ғашықтарды бейнелеуді шешкен. Бұл оның бар-жоғы екі сағат уақытын алған. Нәтижесі – 3-орын.

Аделя Тілеубаева – «DaVinci» көркем студиясының тәрбиеленушісі:

– Менің анам сурет салу мектебіне апарды. Сол уақыттан бері сурет салуды үйрендім. Қазір пейзаж, натюрмортты бейнелегенді ұнатамын.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу махаббаты осымен жүздеген жылдар жырланып келеді. Эпосты білмейтін қазақ кемде-кем. Ауыздан-ауызға жеткен аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Қайсысы болмасын, қос ғашықтың берік сезімін суреттейді.

Эльмира Садвокасова