Қоғам

Лиридтердің метеорлық жауыны жауады

Лиридтердің жауыны. Бұл құбылысты әр жылдың көктем мезгілінде байқауға болады екен. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда түнгі 11 мен 12 аралығында аспан ғажайып бір кейіпке енеді.

Лиридтер – ең ежелгі метеорлық жауын. Оны б.з.д. алғаш рет Қытайда 687 жылдары байқаған. Олардың ғажайып ағымын әр жылы сәуір айында көруге болады. Дегенмен, бұрынғы кездері сағатына 1000-ға жуық жұлдызды жауынды көрсек, қазіргі таңда олардың тек 20-дан астамын ғана тамашалай аламыз.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ИжСТФ физика кафедрасының доценті:

– Ежелден бастап адамдар бұл құбылысты бақылауды ұнатқан. Бірақ, қазіргі күні лиридтердің саны азайды. Жердің траекториялық қозғалысының өзгеруі себебінен қазір метеоридтер сирек кездеседі.

Мамандардың айтуынша көктемгі жұлдызды жауыннның қай күні орын алатынын болжау қиын. Өйткені, олар әр жылы өзгеріп отырады. Биыл олардың қозғалысын 16-шы сәуірден бастап байқауға болады.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ИжСТФ физика кафедрасының доценті:

– Қазір жұлдызды жауынның бірнешеуін көріп қуанамыз. Болашақта олардың саны көбейеді деп болжануда. Алдын ала ескерте кетейін, 19 сәуірде ай толуына байланысты метеорлық ағынды бақылау қиынға соққалы тұр.

Лиридтердің ағымы сәуірдің 26-на дейін жалғасады.

 

 

Маржан Қасымбек