МТРА жаңалықтары

Ғылым күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті

12-сәуір – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Осы орайда Петропавлда «Оқушылардың ғылыми әлеуетін дамыту: тәжірибе және болашақ» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға жалпы 70-ке жуық адам қатысты. Олар – университет оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен шәкірттер. Негізі, қазір қаладағы Оқушылар сарайында ғылым және IT бағытында 16 зертхана жұмыс жасайды. Оған 700-ден аса бала барады екен. Жиынға арқау болған тақырыпқа қатысты қатысушылар түрлі ой-пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты. Мәселен, оқушының ғылыми потенциалын дамытуда мұғалімнің берері зор. Ол тек ұстаз ретінде ғана емес рухани тұлға, жаңалық жаршысы әрі психолог бола білу керек делінді.

Гүлбағыш Кемеңгерова, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:

 – 21-ғасырға лайықты. Оларды бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру – бүгінгі күні ұстаздардың міндеті. Осы ретте оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытуға байланысты жарыстарға және көптеген іс-шараларға қатысамыз. Жуық арада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған олимпиадада Құрмаш Камила деген оқушымыз 3-орын иеленіп, грант ұтып алды.

Эльмира Садвокасова