Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар Президент сайлауына белсенді қатыспақ

Үстіміздегі жылдың 9-шы маусымында елімізде тарихи оқиға орын алмақ. Бұл күні кезектен тыс Президент сайлауы өтіп, қазақстандықтар ел тізгінін қолына алатын жанды таңдайды.

Мұны кеше Мемлекет басшысы мәлімдеді. Республикалық арналар арқылы жасаған үндеуінде Президент саяси науқанның таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік берді. Және маңызды шараға баршамызды қатысуға шақырды. Солтүстікқазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін қабыл алып, сайлауда белсенділік танытуға әзір отыр. Жерлестеріміз елі сенген Президентті таңдау өздерінің азаматтық міндеті санайды.

Рашид Надиров – СҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– Сайлаудан кезектен тыс өткізуді біз қабылдаймыз. Және сонымен келісеміз. Өйткені, біздің елімізге тұрақтылық керек. Ұлтаралық қауымдастық, келісім біздің ел үшін өте маңызды. 01:52 Еліміз дұрыс бағытта жүреді. Алдымызға қойған мақсаттардың, жоспарлардың бәрі орындалады деп ойлаймыз.

Нұрсұлтан Қалқабек – облыстық қуыршақ театрының актері:

– Кеше кешкі жаңалықтардан Президент сайлау өтетіндігін естідім. Бұл шараға өз басым жеке қатысамын. Және барша тұрғындарды қатысуға шақырамын. 01:31 Біз таңдаған Президент бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаев сияқты еңбек етсе ҚР дамиды. Еліміз жоғары деңгейлерге көтеріледі.

Байболат Култанов