ТЖ

Өңірде жыл басынан бері 167 өрт оқиғасы тіркелген

Өрт фактілерінің 80 пайыздан астамы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Мұны төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері журналистер қауымына арнайы брифинг барысында айтты.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде 167 өрт оқиғасы тіркеліпті. Тілсіз жау 11 теріскейліктің өмірін жалмап, 8-ін түрлі дәрежедегі күйік шалған. Қызыл жалын 28 млн 380 мың теңгенің материалдық шығынын әкелді. Мамандардың айтуынша төтенше жағдай, әсіресе облыс орталығы мен Қызылжар ауданында жиі орын алады. Негізінен тұрғындар қарапайым ережелерді сақтамайтын көрінеді.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

–  Өткен тәулікте облыс бойынша баспаналарда 2 өрт оқиғасы, 2 газдан улану және 9 тұтану фактісі тіркелді. Түнгі сағат 1-де Ғабит Мүсірепов ауданының Андреевка селосында үйден от шықты. Өрт сөндірушілер жеткенше газ баллоны жарылып, үй толықтай жанып кеткен. Зардап шеккен бір әйел адам аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілді.

Молдир Шаяхмет