Тұлға

Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті

Көзі тірі болса биыл атақты жазушы, аудармашы әрі публицист ГЕрольд БЕльгер 85 жасқа толар еді. Бүгін Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжде қайраткерді еске алу кеші өтті. Оған жазушының жора-жолдастары, үзеңгілестері мен шәкірттері қатысты. Отырыста Гер ағаның өмірі мен шығармашылығы ғана талқыланып қоймай, жазушының мерейтойын атап өту туралы да айтылды.

Халық оны Гера аға дейтін. Көзі тірі болса ол биыл 85 жасқа келер еді. Бұл – Герольд Бельгерге арналған гуманитарлық-техникалық колледждегі мұрайжай-дәрісхана. Жазушының Оның өзіне, отбасына тиесілі болған заттар, суреттердің көбі осында. Бүгін мұнда жазушы, сыншы, аудармашы, публицист әрі зерттеушінің жолдастары мен шәкірттері жиылған. Бәрі естеліктерімен бөлісуде.

Тұрар Оразалин, Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бір мұғалім кіріп келді, түрі орыс сияқты, көзілдірікті, шашы артына қайырылған бұйралау, қолында таяғы бар. Орысша амандасып “Отырыңдар! Мен сендерге орыс тілінен сабақ беремін”,- деді. Содан, әрқайсысымыз сөйлесіп отырғанбыз. Бір баланың қасына келіп “Мальчик, как тебя зовут?”-деп орысша сұрады. Сыныптасымыз атып тұрып Базар деді. “Сен базар емес, жәрмеңкесің ғой барып тұрған! Осылай көп сөйлеуге бола ма?!”-деді қазақша. Біз шалқамыздан түсе жаздадық. Қазақша біледі деп ойлаған жоқпыз ғой.

Ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ дейтін ол. Герольд Бельгер Шал ақын ауданындағы Ысқақ Ыбыраев аулына Ресейден отбасымен бірге 7 жасында көшіп келген. Ол жастайынан қазақ ауыз әдебиетін ауыл қарияларынан тыңдап өскен. Сондықтан, өзі жіті меңгерген үш тілдің ішінде оның қазақ тіліне деген құрметі ерекше болды дейді замандастары.

Қайролла қажы Қасымұлы – Г.Бельгердің жолдасы:

– Герольд қазақша таза сөйледі. Жас кезінен бастап қазақ тілінде бірнеше мақалалар жазып, сол кездің өзінде стенгазеттерге беріп жүретін. Әкесі дәрігер болып, бізбен күнбе-күн қатынас жасап тұрды, Герольдпен де юіз ана-мына ойынды бірге ойнап, бірге жүрдік. біз оны “Гера” дейтінбіз, Герольд деп айтпайтынбыз.

Өңірлік ардагерлер кеңесі Герольд Бельгердің 85 жылдығын ауқымды етіп атап өтпек ниетте. Қазірдің өзінде оның өскен жерінде іс-шаралар легі бастау алған. Сергеевка қаласының бір көшесіне Герольд Бельгердің есімі де беріліпті. Аталған шаруаны Петропавлда да жүргізу жоспарда бар.

Жангелді Тәжин – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Ономастика заңына сәйкес 5 жылдан кейін көше атын беруге болады ардақты ағаларымызға. Оны біз келесі жылдан бастап өтініш қылып өткіземіз ономастика комиссиясына. Бізде университет бар, оқу орындары бар, мектептер бар. Осылар ғылыми практикалық конференция өткізсе. Гера ағамыздың тойы басталды. 85 жылдығы бүкіл ҚР үшін айтулы дата. Соны жоғары деңгейде қарсы алуға тиіспіз.

Жиында Герольд Белгердің 85 жылдығына орайластырып өткізуге болатын шаралар бойынша ұсыныстар айтылды. Олар қағазға түсіріліп, өңірлік атқарушы органдарға жөнелтіледі.

Саят Ермек