Спорт

“Қызылжар” “Қайрат-Жастар” командасымен кездеседі

Спорт жаңалығына кезек берейік. Өткен жұмада футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионаты бастау алды. Бұл жарыста солтүстікқазақстандық “Қызылжар” құрамасы бақ сынап жатқандығын естеріңізге салайық.

Жерлестеріміз чемпионаттағы алғашқы ойындарын сырт алаңда қызылордалық “Байқоңырға” қарсы өткізді. Тартысты кездесу 2-де 2 есебімен аяқталды. Яғни, Сыр жағасындағы бәсекеде жеңімпаз анықталмады. Теріскейлік жігіттер сапынан Артем Черединов пен Эльмар Набиев көзге түсіп, командаға тең нәтиже сыйлағандығын айта кетейік. Қазір “Қызылжар” футбол клубының қоржынында 1 ұпай бар. Осылайша аяқ допшыларымыз турнирлік кестенің 6-шы сатысында тұр. Енді, петропавлдық ұжым келесі матчын сәуірдің 14-і күні қаламыздағы “Қарасай” стадионында өткіздеді. Онда көш басында келе жатқан “Қайрат-Жастар” командасымен күш сынаспақ. Ойын күндізгі сағат 14:00-де басталады.

Байболат  Култанов