Құқық қорғау органдары

Велосипед ұрыларынан сақ болыңыздар

Өткен жылы Петропавлда велосипед ұрлығына қатысты 96 факті тіркелген. Олардың тек 25-нің ізі суымай ашылып, жоғалған қос дөңгелекті көліктер иелеріне қайтарылған көрінеді. Бұл ретте полицейлер сақтық шараларын қаперге салады.

Көктем келісімен қаламызда велосипед, самокат және балалар арбаларының жоғалуы басталады. Көбінесе мұндай жағдай тұрғындардың салғыртығы салдарынан орын алады екен. Яғни, адамдар өз мүліктеріне мұқия қарамағандықтан, ұрлық фактілеріне жол береді.

– Я хотел бы проинструктировать, что коляску можно оборудовать тросиками, например. Или к трубам закрепить. 

– Хорошо.

Бұл ретте полицейлердің ақыл-кеңесіне құлақ түрейік. Құқық қорғаушылар тұрғындарға қауіпсіздік үшін мықты тросс пен құлып пайдалану қажеттігін айтады. Және велосипедтің сериялық номерін білу керек. Ол қос дөңгелектің көлік рамасының астыңғы жағында жазылып тұрады. Тағы, мамандар адамдардан өздеріне тиесілі дүниелерін бейнебақылау камералары орнатылған аумаққа қоюды сұрайды.

Қанат Орынбасаров – Петропавл қаласы ПБ аға жедел уәкілі:

–  Тұрғындарға айтарымыз бар. Велосипедтеріңізді подъезддер мен тамбурларда қалдырмаңыздар. Сол жерлерде қалдырсаңындар да ұрлыққа жол бермейтін құралдарды қолданыңыздар. Мысалы, тросс, құлып сынды заттарды пайдаланған жөн.

Айта кетейік, былтыр облыс орталығында 96 велосипед ұрлығы орын алыпты. Олардың тек 25-нің ізі суымай ашылған екен.

Байболат  Култанов