МТРА жаңалықтары

Өңірге Ақмола облысынан тағы қызыл су келеді

2017 жылғы болған тасқын су биыл қайталанбайды. Бүгіндері жағдай тұрақты дейді құтқарушылар.

Қазір Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің деңгейі 84 см-ге жоғарылап, су ернеуінен 1 метр 25 см-ге асыпты. Ал Петропавл гидроторабында тіршілік көзінің деңгейі соңғы 3 тәулікте тек 4 см-ге биіктеп – 321, Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында 22 см-ді құрап отыр. Покровка елді мекенінде өткен жұма күні су қарқыны сәл бәсеңсісе де, бүгіндері тағы 384 см-ге көтерілген. Бұл көрсеткіштер өткен жылғымен салыстырғанда төмен болса да, құтқарушылар алдағы күндері жағдай өзгеруі мүмкін дейді. Өйткені, қазір Ақмола облысындағы кішігірім өзендер арналарынан асып, өңірге қызыл су келе жатыр. Салдарынан облыс орталығында орналасқан Заречный кентіндегі саяжайлар суға кетуі мүмкін. Ал елді мекендерді су басу фактілері орын алмауы үшін құтқарушылар оларды бақылауға алған.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының оранбасары:

–  Алдағы уақытта біз Ақмола облысынан су келеді деп күтіп отырмыз. Осыған байланысты қазір негізгі күш пен құралдарды Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан елді мекендерге жұмылдырып отырмыз. Бақылау жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Қыс бойы жауған ақ ұлпаның 90 пайызы еріген. Қар тек Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарының ормандарында қалған.

Магжан Ахмадина