Балалар

“WorldSkills Kazakhstan-2019” чемпионатының өңірлік кезеңі

Электромонтаж, кірпіш қалау және дәнекерлеу ісі. Петропавлда “WorldSkills Kazakhstan-2019” чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Сайысқа қатысушылар 6 бағыт бойынша шеберліктерін сынады.

Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстарында сынға түсіп жатқан жастардың бірі – Юрий Дитц. Оған гипсокартоннан 3 қабырға тұрғызу керек екен. Тапсырманы орындауға 2 күн берілген. Юрийдың айтуынша қиын тұстардың бірі – дұрыс өлшемдерді түсіре білу.

Юрий Дитц, сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бізге кеше сызба мен өлшемдер беріліп, конструкция кұру міндеттелді. Ал бүгінгі екінші кезеңінде сылау керек.

Сайыста үздік атануды қалайтындардың бірі – Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Артур Дерюгин. Оған техниканы жөндеу бойынша бірнеше тапсырма берілген.

Артур Дерюгин, сайысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

– Мен генераторды бөлшектеп қойдым. Қақпағын алып, жұмысқа жарамдылығын тексердім. Ешқандай сынығы байқалмады. Демек, генераторды істе қолдануға болады.

Айтулы жарысқа жалпы 106 жас маман қатысты. Олар – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен университет студенттері. Барлығы – 22 оқу орнынан келіп отыр. WorldSkills Kazakhstan чемпионаты жыл сайын өткізіліп тұрады. Өңірімізде үздік атанған қатысушылар республикалық, кейін халықаралық жарыстарда бақ сынамақ.