Балалар

Балалар арасында шағын фтубол жарыс өтті

Александр Винокуров Спорт сарайында балалар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған қала бойынша 7 құрама қатысып, өз араларында ең мықтысын анықтады.

Қаламызда футболсүйер қауымға арналған «Мяч» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Күні кеше Наурыз мейрамына орай өткізіліп отырған сайыс өз мәресіне жетті. Құрылғанына 20 жыл болған бұл ұйым құрамында осыған дейін барлығы 2 мыңға жуық жас спортшы түрлі сайыстарға қатысқан екен.

Вячеслав Гуменный, “Мяч” ЖҚБ төрағасы:

– 2001 жылы тіркелген бірлестік алғашында «Мяч» атауын алған болатын. Біз жыл сайын осындай мерекелерге орай жарыстар өткізіп тұрамыз. Жеңімпаз құрамалар аудандық ойындарға шығады.

Бүгінгі кездесу «Ойқала» және «Адмирал » құрамаларының арасында өтіп жатыр. Ойынның қарқыны қызу. «Адмирал» тобының мүшесі Эльдар Бакин футбол десе, ішкен асын жерге қоюға даяр спортшылардың бірі. Ол – жергілікті «Қызылжар» құрамасының жанкүйері.

Эльдар Бакин, «Адмирал» құрамасының ойыншысы:

– Біз әр жексенбі күні осылай жиналып, футбол ойнап тұрамыз. Осы спорт сарайының директорына рақметімізді айтамыз. Жалпы, футболға қатысуыма 6-7 жыл болып қалды.

Осы жолы 6:1 есебімен «Адмирал» құрамасы жеңіске жетіп отыр. Әр мереке сайын ұйымдастырылатын ойындардың нәтижесінде үздік 3 құрама анықталады. Олар тамыз айының 3-інде Шалқарда болатын жарысқа жолдама алады.

 

Ақтолқын Солтанханқызы