МТРА жаңалықтары

Елорданың жаңа атауын қолдау

Бүгін Петропавлда демократиялық күштердің аймақтық коалиция мүшелері бас қосты. Жиында белсенді жандар елордамыздың атауы “Нұр-Сұлтан” болып өзгергендігіне қолдау танытып, өз ойларымен бөлісті.

Демократиялық күштердің аймақтық коалиция мүшелерінің отырысында мінберден сөз алғандардың барлығы Ұлт көшбасшысының ілкімді істерін сөз етті. Мәселен, Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов Тұңғыш Президенттің білім беру саласын жаңа деңгейге жеткізгендігін ерекше атап өтті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен заманауи мектептердің, университеттердің салынғандығына қуанышты. Азамат осындай оқу ошақтарынан бәсекеге қабілетті жастардың көптеп шығатындығына сенімді.

Сергей Мартемьянов – Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы СҚОФ бірінші хатшысы:

– Балаларым Қазақстанда оқыды. Соның көмегімен өмірде өз орындарын тапты деп айтар едім. Мәселен, үлкен ұлым кезінде қазақ-түрік лицейін алтын белгіге тәмамдап, Елбасымыз негізін қалаған Назарбаев университетіне түсті. Сол жерде жинақтаған білімінің арқасында Мавритания, Кот-д’Ивуар, Гана, Сенегал, Колумбия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды елдерде болып, жұмыс істеді. Мұның бәрі мемлекетіміздегі білім беру саласының дамығандығын көрсетеді.

Ал «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Евгений Кинцель Елбасы Қазақстанды тұрғызған тұлға дейді. Ол ешқандай даусыз / мемлекетіміздің негізін қалады. Сол себепті, оның есімімен астанамызды атау ең лайықты шешіп деп отыр.

Евгений Кинцель — «Ақ жол» демократиялық партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Мәселен, АҚШ-тың астанасы Джордж Вашингтонның құрметіне аталады. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл кісі әскери адам болғанын ұғынамыз. Ол соғыспен елді жаулады. Ал біздің Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды ешқандай дау-жанжалсыз құрды. Қазір отандастарымыз бірлігі жарасқан мемлекетте тату-тәтті өмір тұрып жатыр. Сондықтан, менің ойымша астананың атауы “Нұр-Сұлтан” болып өзгертілуі орынды.

Жиын да бұдан өзге де қатысушылар сөз алды. Олардың барлығы да Тұңғыш Президенттің ел дамуында сіңірген еңбегін баяндап, оның есімімен астанамызды атау ең лайықты шешім деген ойларын білдірді.

 

Култанов Байболат