Білім

Білім беру саласындағы бірқатар қызметтер электрондық форматта ұсынылады

Қала тұрғындары білім беру саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет
түрін электрондық форматта ала алады. Бұдан былай баланы балабақша кезегіне қою, 1-сыныпқа қабылдау жөніндегі өтініштерді электрондық нұсқада тапсыруға болады. Бұл жүйелердің артықшылығы туралы кеңірек өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингіде айтылды.

Компьютер, смартфон және мобильдік құрылғыларды қолдана алатын ата-аналар “Индиго” бағдарламасы негізінде құрылған платформаны өз бетінше пайдалана алады. Оны елордалық мамандар әзірлеп шығарған. Ақпараттық жүйеде скоррингтік үлгілер бар. Яғни, “ақылды” жоба бүлдіршіндерді жас санаты бойынша іріктеп, жеңілдік алу тәртібін адамның араласуынсыз өзі белгілейді.

Алтынай Әселбаева – «CustomSolutionCenter» ЖШС жоба жетекшісі, Астана қаласы:


– Қала бойынша балабақшалардың атауы ортақ базаға енгізілді. Яғни, барлығы үшін кезек бірыңғай болады. Ата-аналар кішкентайларына қажетті қазақ, орыс және коррекциялық топтарын таңдап, электрондық нұсқада өтініш береді. Ендігісін, әкімдіктегілер емес, бағдарлама өзі реттейді. Жасы мен таңдаған тобына сай балғындарды іріктейді. Кезекте ол 2 мыңыншы болып тұрса да, 10-шы тұрған адамнан бұрын балабақшаға орналасу мүмкіндігі бар.

Босаған орындар сол күні-ақ интернетке шығады. Порталдағы деректер күн сайын жаңартылады.
Осыған ұқсас ақпараттық бағдарлама мектептер үшін де ойлап табылған.
Ол “Сакура” деп аталады. Бұл IT-өнімдер еліміздің 25 қаласында жұмыс істеп тұр. Аталған жұмыстар “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында атқарылуда.

Айнагүл Сұрағанова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы:


– Бүгінде білім беру бөлімі тұрғындарға 27 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Соның ішінде балаларды балабақша кезегіне тұрғызу, оған жолдама алу және 1-сыныпқа қабылдау сынды қызметтердің үлесі басым.

Порталды ата-анадар мен мұғалімдер тегін пайдалана алады.

Берік Қасен