Спорт

Футболдан өткен ІІМ чемпионатының жеңімпазы анықталды

Бүгін үлкен футболдан өткен Ішкі істер министрлігінің чемпионаты қорытындыланды. Үш күндік жарыс спорттың осы түрін жаны сүйетін қазақстандық полицейлердің басын біріктірген болатын. Құрамалар еліміздің 5 өңірінен келді.

Үш күн бойы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының тәртіп сақшылары футболдан ІІМ-нің кубогін сарапқа салған болатын. Енді турнирді қорытындылар кез келді. Өткізген 4 бірдей матчтың бәрінде қарсыласын тізе бүктірген астаналық құқық қорғаушылар жарыста топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Елорданың 20 жылдығына арналған біріншіліктің бас жүлдесін өзге құрамаға беріп қоюға намыс жібермеді дейді.

Данияр Еңсепов – Астана қалалық ІІД құрамасының мүшесі:


– Елбасымыз Астанада,
өзіміз Астанадамыз – бұл жеңіс бізге қажет болды. Сондықтан күш жинап, тактикамызды ойластырып, бірінші орынға қол жеткіздік. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. СҚО ІІД үлкен рахмет!

Сондай-ақ, елордалық саңлақтар Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығына да ие болды.
Күміс медальді Қостанай облысының тәртіп сақшылары иеленді. Ал, үздік үштікті жарыс қожайындары – теріскейлік полицейлер тұйықтады.

Сейілбек Елжасов – СҚО ІІД құрамасының мүшесі:


– Біз екі ойында те
ң түстік, біреуінде жеңіліп, біреуін жеңдік. Бұл чемпионаттың өткізілуін қолдаймын. Себебі бұл ІІО қызмет ететін мамандар үшін физикалық тұрғыда пайдалы. Қызметте де, күнделікті өмірде де.

Бұдан бөлек, “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы” мен “Үздік шабуылшы” атанғандар да марапатқа ие болды. Жалпы, қоғамдық тәртіптің сақталуына жауап беретін жандардың шымырлығы мен үлкен футболдағы шеберліктерін сынайтын мұндай республикалық турнир ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған. Бұл жарысты дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Қапез Дәулетбаев – СҚО ІІД бастығының орынбасары:


– Чемпионат облысты
қ ІІД бастығы Берік Біләловтың бастамасымен, ІІМ-нің қолдауымен өтті. Бұған дейін шағын футболдан және футзалдан республикалық чемпионаттарды ұйымдастырған едік. Енді, міне, құқыққорғаушылар үлкен футболдан үздікті анықтады. Біріншіліктің ұйымдастырылу деңгейін өзге өңірлерден келген әріптестеріміз жоғары бағалап отыр.

Марапаттау салтанатынан соң топ жарған құрама, яғни астаналық тәртіп сақшылары теріскейлік полицей қыздардың құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Матчта 2:1 есебімен бұрымдыларымыз басым түсті.

Саят Ермек