Спорт

Теріскейлік құрама “Шахтер” футбол командасын қабылдады

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ “Шахтер” құрамасы қарқынды шабуылға көшті. Бірнеше рет гол соғуға тырысқанымен, қызылжарлық қақпашы Антон Цирин бұған жол бермеді. Теріскейлік құрама да бірнеше рет шабуыл жасап еді, алайда қарсылас құраманың қорғанысын бұза алмады. Сонымен бірінші тайм аяғына жетті. Әзірге есеп 0:0.

– Біздің құрама 1:0 есебімен ұтады деп ойлаймын.

– Командамыз жақсы ойнап жатыр. Жеңміз деп ойлаймын.

Көп ұзамай екінші тайм басталып кетті. Жаңбыр жауғанына қарамастан, қос команда аянбай барын салуда. Алаң иелері “Шахтерлердің” қақпасын тағы шабуылға алғанымен, бәрі нәтижесіз болды. Әйтеуір, ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда ғана теріскейлік құрама қарсылас қақпаға допты дәл бағыттап, жанкүйерлерін қуантты.

Гол авторы – қызылжарлық Тимур Мульдинов. Негізгі уақытқа тағы 4 минут қосылды. Абрырой болғанда, қарсылас құрама есепті теңестіре алмады. Жеңіс – қызылжарлықтардың еншісінде.

Тимур Мульдинов – “Қызыл – Жар СҚ” ФК командасының шабуылшысы:

– Ойын өте ауыр өтті. Жаңбыр да кедергі келтірді. Біздің тарапымыздан аздап дәлдік жетіспеді деп ойлаймын. Жалпы қарсыластарымыз жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлерімізге де көп рахмет. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, олар бізді қолдауға келді.

Осы кездесуден кейін “Қызылжар-Жар СҚ” командасы турнирлік кестеде 11-ші орыннан 8-ші сатыға көтерілді. Келесі матч маусымның 23-і сырт алаңда талдықорғандық “Жетісумен” өтеді.

Молдир Макишева