Қоғам

Иттерді қоғамдық жерлерде ұстау ережелері

Жыл басынан бері өңірде 19 баланы ит қауып алған. Ал, өткен жылы облыс бойынша осындай 160-қа жуық оқиға тіркелген.

Борис Гончаров – Облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:


– Иттің қапқаны өте қауіпті болып саналады. Себебі, ауру жануардың вирусы адамға жұқса, одан ем жоқ.

Негізі, иттерді қоғамдық орындарда ұстау ережелерін білу қажет.

Әлібек Ғабдуллин – Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:


– Кішкентай иттерге ауызжапқыш және шылбыр қажет емес. Оларды қожайындары сөмкесінде немесе қолына алып жүреді.Сондай-ақ, қоғамдық көліктерде арнайы контейнерлерде тасымалдауға болады.

Айта кеткен жөн, қаламызда үй жануарларымен тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендеу үшін арнайы орындар белгіленген. Бұл төңірек ескі саябақта арнайы қоршаумен қорғалған.

Альмира Жетпісбай – тілші:


– Иттерге қызығып, оларды асырағысы келетіндер шаһарда көп-ақ. Әйтсе де, қаладағы жеке үйлер мен пәтерлерде итті ұстаудың өз қағидалары бар екенін бірі білсе, енді бірі хабарсыз. Яғни, үй жануарын байлап ұстау, тұмылдырықпен серуендету қажет. Ережеге бағынбаған жағдайда иттің қожайыны 3 пен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.