Мәдениет

Демалыс күндері Петропавлда “Есіл жұлдыздары” атты жас таланттардың байқауы өтті

Соған қарамастан, олардың орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық деңгейіне қойылар талап жоғары. “Күн сәулесі” ансамбіліндегі бұл балайқайлар вокалмен балабақшаға келгелі, 2 жастарынан айналыса бастапты.

Александр Блинов – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бәрімізге ән айтқан ұнайды. Ансамбльге 6 баланы алды. Бір-бірімізді ренжітпейміз, керісінше, көмектесеміз. Осы байқауға қыркүйектен бастап дайындалдық. Өнеріміз ұнаса, жеңеміз.

Келесі болып сахнаға Диана Саржанова шықты. 10 жасар жеткіншек жиналғандарға “Кукушка” әнін шырқап, олардың ықыласына бөленді.

Әжесінің жолын қуған Диана болашақта әнші болуды армандайды екен.

Диана Саржанова – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мен осындай сайысқа алғаш рет қатысып отырмын. Әрине, аздап қобалжыдым. Соған қарамастан, әнімді ойдағыдай орындап шыққан сияқтымын. Жалпы өзіме заманауи әндер ұнайды. “Кукушка” туындысы сүйікті әндерімнің бірі. Сондықтан байқауға дәл осы әнді таңдадым.

Жалпы “Есіл жұлдыздары” шарасы осымен 20 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Дәстүрге айналған сайыста бұл жолы Петропавл қаласының, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Есіл, және Мамлют аудандарынан келген 85 жеткіншек бақтарын сынауға бел буыпты. Солардың 56-сы екінші кезеңге жолдама алған болатын. Жас таланттар әуесқой және кәсіби бағыттағы орындаушылар болып өнер көрсетті.

Ирина Колодаева – Оқушылар Сарайы директорының орынбасары:

– Наурыздың 17-інде іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Кейін үздіктерін жас ерекшеліктеріне қарай 3 категорияға бөлдік, яғни 6-10, 11-13 және 14-17 жас аралығындағы балалар өзара бақтарын сынады. Қуантарлығы жыл сайын өнерлі жеткіншектердің саны артуда.

Дәстүр бойынша, үздік әншілер мен ансамбльдерге дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Мағжан Ахмадина