Балалар

Петропавл қалалық жастар мәслихатына депутаттар сайлануда

Сайлау үрдісін колледж директорлары және кәсіпорын өкілдерінен құралған бақылаушылар тобы қадағалауда. Студенттер залға кезекпен кіріп, өздері таңдаған кандидатқа дауыс беруде. Саида Бекбуди болашақ депутаттар жастар мәселесін шешуде белсенділік танытады деген үмітте. Нәзік жанды қазіргі таңда қатарларының көпшілігін жұмыс және баспанамен қамту мәселелері алаңдатынын айтады.

Саида Бекбуди – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Мен конституциялық құқығымды пайдаланып, сенім білдірген кандидатқа дауысымды бердім. Ол алдағы уақытта жастарды алаңдататын мәселелерді шешеді деген ойдамын.

Қалалық жастар мәслихатының депутаты атануға 48 адам ниетті. Соның 2-уі
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен ұсынылған. Ол кандидаттар жайлы студенттер алдын ала ақпараттандырылған екен. Үміткерлердің бірі – Бекасыл Әмірғали.

Бекасыл Әмірғали – қалалық жастар мәслихатының депутатына үміткер, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Менің бағдарламам жастар бастамаларын қолдауға, оларды қайырымдылық шараларына көптеп тартуға бағытталған. Сондай-ақ, талантты студенттерге жағдай жасап, жастардың конституциялық құқықтарының қорғалуына өз үлесімді қосқым келеді.

Қалалық жастар мәслихатының депутатығына 48 кандидаттың тек 12-сі өтеді. Облыс орталығында үміткерлерге дауыс беру үрдісі 17-00 аяқталып, бюлетеньдер саналады. Дәл осындай шаралар алдағы күндері аудандарда да өтпек.

Берік Қасен