Қоғам

Уақытша тіркеуге қатысты туындаған проблема – түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан туындаған

Жалпы мұндай тың жоба әлемнің озық елдерінде бұрынан қолданылып келе жатыр екен. Десе де, солардың тәжірбиесін зерттей отыра кірістірілген жаңашылдық халық арасында қызу талқылануда. Бүгіндері интернетті ашып қалсаң, түрлі карикатуралар мен тұрғындардың осы құжатқа наразы пікірлерін көруге болады. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Мәулен Әшімбаев аталған Заң жобасы жалпы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған деп отыр. Және оны қабылдамас бұрын, қоғамдық, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партия мшелерімен қызу талқыланған болатын. Тағы аталған заңның кей параметірлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының оң бағасына ие болған көренеді. Сондықтан халық арасында мұндай дүрбелең, түсіндіру жұмыстарының салғырт жүргізілуі салдарынан болып отыр дейді. Яғни, осы іске жауапты жергілікті билік өкілдері, мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациялары қолды мерзімінен кеш сермеген.

Мәулен Әшімбаев- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

 

–  Жергілікті билік, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмағандықтан, осындай мәселелер туындап жатыр деп өзім есептеймін. Бұл мәселені тездетіп реттеу үшін, енді мемлекеттік органдар жұмыс істеу керек. Заң нормаларының орындалуына жағдай жасау керек. Интернет арқылы тұрғындардың тіркелуі үшін тетіктер қарастырылуы қажет. Мәселені ушықтыра бермей, тезірек шешу керек.

Магжан Ахмадина