Мәдениет

Александр Герасимовтың жеке көрмесі

 

 

Александр Герасимов жеке суреттер мен мүсіндер топтамасын көрмеге қоймас бұрын алдын ала ойланып барып, халық назарына көрсетуге тұрарлық деген 18 туындысын ұсынған. Соның ішінде аралас техникамен салынған мына “Менің жолым” атты портрет ол үшін тым ыстық.

 

Александр Герасимов, суретші:

Бұл шығармаларымда бар ойым мен өмірге деген көзқарасым бейнеленген. Портреттер мен мүсіндерді жасағанда темір тор, гипс, майлы бояуларды көбірек қолдандым. Бір жұмысыма кейде негізі 2 күн жұмсаймын. Кейде, тіпті, бірнеше ай жүремін.

 

Александр Герасимовтың шабыты велосипедпен серуендеп жүрген кезде оянады екен. Көрмеге келген әріптестері суретшінің көп шығармасында адамның теріс қылығын, өмірдің қамшының сабындай қысқалығын және табиғат байлықтарының құрып бара жатқандығын аңғару қиын емес дейді. Сонымен қатар, оның туындыларынан экспрессивті мінезді байқауға болады. Бәлкім, бұл эмоцияға берілу немесе күйзеліске ұшыраудың белгісі шығар.

 

Ерғали Сәткенов, СҚО суретшілер ассоциациясының мүшесі:

Александрдың өнерге келгенде ерекше көзқарасы бар. Және ол арт немес абстракциялық өнерге көп мән берген. Оның мына кеуде мүсіндеріне салған өрнектерінде астарлы ой жатыр. Оны тек дұрыс түсіне білу қажет.

 

Мысалы, міне, мына жерде қарапайым газқағарлар жатыр. Ол өмір үшін әрдайым күресе білу керек дегенді білдірсе керек. Ал, мынау “Асауды тұсау” атты астарлы ойды беріп тұрған кеуде мүсінін көрермендер сол арада сатып алды. Көрме 1 айға дейін жалғасады.

 

Берік Қасен