Кеден

Шекара асатындарға қойылатын талаптар

Жаз келіп, демалыс басталды. Кейбір қазақстандықтар шетелдерге баруға әзірленуде. Алайда алыс сапарға шығар алдында кедендік шекарадан өтудің тиісті нормаларын білуі тиіс.

 

Әсемгүл Исина, СҚО кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

-Кеден одағының кеден аумағынан жеке тұлғаларға арналған әкету нормасы, мысалы әуе көліктерімен 10 мың еуромен шектелген мүлікті ғана әкетуге болады немесе 50 кг аспайтын. Ал жер көліктері арқылы тек қана 1,5 еуроға алып шығуға болады немесе 50 кг аспайтын заттарды.

 

Егер шетелге шығатын азаматтың қолындағы ақша 10 мың АҚШ долларынан аспаса, онда ол декларация толтырмайды. Сондай-ақ еш төлемсіз шекарадан асыл металдар мен тастарды шығаруға болады екен. Тек оның жалпы құны 25 мың АҚШ долларынан аспаса болғаны. 5 келіге дейін балық және теңіз өнімдерін шетелге бірге алуға да рұқсат берілген. Кез-келген өнер туындысын кедендік одақ аумағынан асыруға болмайды. Өйткені ол мәдени құндылық болуы мүмкін. Одақ шекарасы арқылы өткізу пунктетрінде «қызыл» және «жасыл» дәліздер жүйесі қолданылады.

 

Әсемгүл Исина, СҚО кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

-Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың жеңілдетілген жүйесі қолданылған. Яғни бұл «қызыл» және «жасыл» дәліздер жүйесі. Қандай дәлізбен өтуді жолаушының өзі таңдайды. Егер жолаушының қолында декларациялауға жататын тауар болмаса, ол жасыл дәлізбен өтеді. Егер оның қолында декларациялауға жататын заттар болса, онда қызыл дәліз арқылы өту керек.

 

Ережені бұзған азаматтар тиісті жазаға тартылмақ. Бұл талаптар Кеден одағы шекарасынан асқанда ғана орындалады.

 

Айдана Демесінова